Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған кеше жасаған мәлімдемесінде, Сауд Арабиясынан Хашоггиді өлтіруге кімнің бұйрық бергенін айтуды талап еткен. Ол Хашогги ісін анықтауды тез арада аяқтау керек екенін айтқан.
Қазір Түркия тарабы Сауд Арабиясында тұтқындалған 18 күдіктіні экстрадициялауға тырысуда. Себебі, оларға 2 қазан күні Хашоггиді өлтіру ісіне қатысушылар деген айып тағылған. Сондай-ақ, Түркия билігі Сауд Арабиясынан қайтыс болған журналистің денесін табу үшін де қолғабыс етуін талап етуде. Осыған дейінгі ақпараттарда, Сауд Арабиясының елшілігінде өлтірілген журналистің денесі бөлшектеліп тастағаны туралы айтылады.
Дүйсенбі күні Лондонда өткізілген Хашоггиге аза тұту рәсімінде оның жұбайы, Түркия азаматы Хаттис Янжиз Хашогги өлтірілгеннен бері көптеген мемлекеттердің лидерлері мен билігінен көңілі қалып, үміті үзілгенін айтты. Сонымен бірге, АҚШ президентін шындықты ашуға көмектесуге шақырған.
Сауд Арабиясының оппозициялық журналисі Хашогги тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманды көбірек сынаған. Әрі, бірнеше рет «Уашингтон Пост» басылымына мақала жариялаған.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр