Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған кеше жасаған мәлімдемесінде, Сауд Арабиясынан Хашоггиді өлтіруге кімнің бұйрық бергенін айтуды талап еткен. Ол Хашогги ісін анықтауды тез арада аяқтау керек екенін айтқан.

Қазір Түркия тарабы Сауд Арабиясында тұтқындалған 18 күдіктіні экстрадициялауға тырысуда. Себебі, оларға 2 қазан күні Хашоггиді өлтіру ісіне қатысушылар деген айып тағылған. Сондай-ақ, Түркия билігі Сауд Арабиясынан қайтыс болған журналистің денесін табу үшін де қолғабыс етуін талап етуде. Осыған дейінгі ақпараттарда, Сауд Арабиясының елшілігінде өлтірілген журналистің денесі бөлшектеліп тастағаны туралы айтылады.

Дүйсенбі күні Лондонда өткізілген Хашоггиге аза тұту рәсімінде оның жұбайы, Түркия азаматы Хаттис Янжиз Хашогги өлтірілгеннен бері көптеген мемлекеттердің лидерлері мен билігінен көңілі қалып, үміті үзілгенін айтты. Сонымен бірге, АҚШ президентін шындықты ашуға көмектесуге шақырған.

Сауд Арабиясының оппозициялық журналисі Хашогги  тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманды көбірек сынаған. Әрі, бірнеше рет «Уашингтон Пост» басылымына мақала жариялаған.

“The Qazaq Times”