Мәскеу мен Петербургте өткен саяси тұтқындарды қорғау акциясы кезінде 60-қа жуық адам ұсталды.
Акция «Біздің және сіздің балаларыңыз үшін» деген ұранмен өткен. Оны «Новое величия» және «Сети» істері бойынша ұсталғандардың ата-аналары ұйымдастырған. «ОВД Инфо» сайтының хабарлауынша, Мәскеуде Федералды қауіпсіздік қызметі ғимараты алдына 500 адам жиналған. Қала билігі митинг өткізуге рұқсат бермеген. Сол үшін бастамашыл топ Лубянск алаңы алдына плакатсыз шығуды ұсынған. Акцияға «SERB» ұйымының мүшелері келіп, кедергі келтірген. Мәскеуде 18 адам ұсталған.
Санкт-Петербургте де билік митинг өткізуге рұқсат бермеген. Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, полиция 40 адамды ұстаған. Оның ішінде 12 жастағы қызда бар.
Новосибирскіде жексенбі күні жалғыз адамдық пикеттер өткен. "Сибирь.Реалии" сайтының "Сети" ісі бойынша ұсталған Арман Сағынбаевтың анасы жалғыз пикетке шыққан. Полиция оны ұстамаған.
«Новое величия» және «Сети» істерінің фигуранттарын қорғаған митинг Пенза шаһарында да өткен. Ұйымдастырушылардың ақпаратына қарағанда, акция барысында ешкім ұсталмаған. Осындай пикеттер Воронеж, Иркутск және Нижний Новгород қалаларында да өткен. Хельсинкиде белсенділер Ресей елшілігі алдында пикетке шыққан.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?