Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылы өтетін президент сайлауына байланысты пікір білдірді.
Назарбаевтың Финляндияға сапары кезінде өткен баспасөз мәслихатында жергілікті БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Брифинг кезінде залға жиналған журналистердің бірі Қазақстан президентіне:«Сіз 2020 жылы өтетін президент сайлауына қатысасыз ба?» деген сұрақ қойды.
Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев бұл сұрақтың оған соңғы уақыттары жиі қойылатынын айта келе, «Менің тұңғыш президент ретінде, қазіргі Қазақстанның негізін қалаушы адам ретінде президент сайлауына қатысуға конституциялық құқығым бар. Мен бұндай шешімді келесі жылы немесе 2020 жылы қабылдайтын шығармын. Сіздер бұл сұрақтың жауабын сол кезде білесіздер» - деп мәлімдеді.
Қазақстанда заң бойынша президент сайлауы 2020 жылы өтеді. Бірақ Тәуелсіз Қазақстан тарихында президент сайлауы бір де бір рет уақытында өткен емес. Назарбаев осыған дейін президент сайлауларының барлығында жеңіске жеткен.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?