25 қазан НАТО «Қырғи қабақ соғысынан» бергі ең көлемді оқу-жаттығуын бастады. Оған НАТО мүшелері және одақтастары болып 31 ел қатысқан. Норвегия және оған жақын аймақтарда өткізілетін жаттығуда 50 мың жауынгер, 65 кеме, 250 ұшақ және 10 мың әскери көлік тартылған.
НАТО қолбасшылық Бас штабының командирі Питек жасаған мәлімдемесінде: «Кезекті әскери оқу-жаттығуының неден хабар беретіні анық. Біз барлық жағдайларға дайынбыз, НАТО үлкен әлеуетті және әлі ашылмаған көмескі қабілетке ие ұйым. Ешкімнің де НАТО-ның қитығына тиюге батылы бармайды», – деген.
НАТО мәлімдемесінде, кезекті оқу-жаттығудың ешқандай да қыр көрсету немесе соғыс ашуға ұрыну емес екенін ескерткен. Сонымен бірге өзінің іргелес қарсыласы Ресейді де жаттығуға бақылаушы ретінде шақырған. Мәліметте ауқымды әскери жаттығудың 7 күнге жалғасатыны белгілі болды.
НАТО құрамындағы кейбір елдер Ресейді өз территориясына қауіп төндіруі мүмкін деп алаңдайды. Сондай-ақ, Батыс елдері мен Ресей арасындағы Қырым мәселесі де кезекті оқу-жаттығуға байланысты шиеленісе түсуі де мүмкін.
АҚШ президенті Дональд Трамп бір сөзінде: «НАТО Құрама Штаттарға қарағанда Еуропа елдеріне көбірек пайдалы», – деген болатын. Сондай-ақ, Трамп президент болғаннан кейін НАТО-ға бөлінетін қаржыны барлық елдерге теңдей бөлу керек деген талабын да қойған. Әрі, АҚШ-тың НАТО-ға бөлетін қаржысының көлемін азайтатынын ескерткен еді.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр