Клинтонның үйі мен Обаманың кеңсесіне белгісіз біреулер бомба жолдады – деп хабарлайды The New York Times басылымы.
Бомба салынған қорап АҚШ-тың бұрынғы президенттері Билл Клинтонның үйіне және Барак Обаманың кеңсесіне, CNN телеканалына және миллиардер Джордж Соросқа жіберілген. Тергеушілер жіберуші бір адам болуы мүмкін дейді. Дәл осындай қорап бұрынғы бас прокурор Эрик Холдерге, конгрессмен Дэбби Вассерман Шульцтің Флоридадағы кеңсесіне жолданған. Бұл жөнінде Нью-Йорк полициясы хабарлады.
Полицияның мәліметінше, қораптардың ішінде қолдан жасалған жарылғыш зат болған.
Бұл оқиғаларға қатысты АҚШ президенті Құрама Штаттарда саяси зорлық-зомбылық жоқ деп мәлімдеді. Дональд Трамп елде ірі федералді тергеу жұмыстары басталды деп мәлімдеді.
Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио оқиғаларды теракті деп атады.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап