Экс-президент, ҚСДП лидері Алмазбек Атамбаев Қырғызстанға қайтып келеді. Осылай деп Социал-демократиялық партияның ресми өкілі Құндыз Жолдыбаева мәлімдеді.
Ол Атамбаевтың елден қашып кетті деген алып-қашпа сөздерді теріске шығарды. «Ол қайтып келеді ме, келмейді ме деген тақырыпта пікір-таласуға негіз жоқ. Сіздер Алмазбек Атамбаевтың ұстанымын жақсы білесіздер. Ол Қырғызстаннан ешқайда кетпейді. Оның елден кетуіне де негіз жоқ. Ол Бішкекке 28 қазанда қайтып келеді», - деді Жолдыбаева.
Алмазбек Атамбаев Ресейге 22 қазанда ұшып кеткен. ҚСДП оның 22-23 қазанда Санкт-Петербургте болатынын, ол жақтан туған ағасының жесірін жерлеу рәсіміне қатысатынын жеткізді. Мұнан бөлек Атамбаев 24-27 қазанда Мәскеуде өтетін азиялық саяси партиялардың халықаралық конференциясына қатысады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?