АҚШ президенті Дональд Трамп: «Менің сауда-экономикалық саясатым Қытайға ауыр тиді. Бірақ мен бұдан да ауыр соққы жасай аламын» - деп мәлімдеді.
11 қазан күні «Fox News» телеарнасына сұхбат берген Дональд Трамп Қытай мәселесіне тоқталды. Онда ол: «Қытай өте ұзақ және өте жақсы өмір сүрді. Бірақ менің сауда-экономикалық саясатым оларға ауыр тиді. Қытай экономикасы бір қалыппен төмен кетіп барады. Қажет болған жағдайда мен бұдан да ауыр соққы жасай аламын» - деп мәлімдеді.
Естеріңізге салайық, қыркүйек айында Уашингтон АҚШ-қа келетін Қытай тауарларына жаңа салық жүйесін енгізген. Кейіннен ресми Бейжің де Уашингтонға жауап ретінде АҚШ-тан Қытайға келетін тауарларға салық көлемін ұлғайтқан.
Жалпы, билік басына Трамп келгелі бері АҚШ Ресей, Қытай, Түркия, Иран сияқты елдерді санкция қыспағына алған. Салдарынан жоғарыда аталған төрт мемлекеттің төртеуінің де экономикасы құлдырап, ұлттық валюталары құнсызданудың әлемдік рекордын күн сайын жаңартатын күйге жеткен.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?