Ресей Ливияға әскер кіргізді – деп хабарлайды РБК телеарнасы.
РБК-ның Кремльдегі ақпарат көздерінің мәліметінше,Ресей соңғы бір аптада Ливия аумағына бірнеше арнайы дайындықтан өткен десант қосындарын аттандырған. Мәскеудің Ливиядағы басты одақтастарының бірі армия маршалы Халиф Хафтер. Алдын ала болжам бойынша, Кремль Халиф Хафтермен Ливиядағы мұнай-газ саласын игеруге байланысты келісімге келген.
Бұған дейін қазан айының 9-ы күні Ұлыбритания барлау қызметі премьер-министр Тереза Мэйге «Ресей Ливияға әскер кіргізуде» деген ақпарат берген. Ұлыбритания арнай қызметінің пікірінше, Ресей Ливияны жаңа Сүрияға айналдырғысы келеді. Олар осы арқылы күн сайын Еуропаға ағылып жатқан босқындар толқынын бақылауда ұстауды көздеп отыр.
Ұлыбритания билігінің бұл айыбына Ресей Мемлекеттік Думасы:«Ресей Ливияға әскер кіргізді» деген сарындағы мәлімдемелердің барлығы негізсіз» деп жауап берді.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап