Трамптың заңсыз мигранттарды шектеу саясатынан кейін, түрлі бағдарламалармен АҚШ-та білім алғысы келетін немесе жұмыс істегісі келетіндер үшін Құрама Штаттың визасын алу қиындай түсті. Дегенмен, жақында АҚШ Мемлекеттік департаменті 2020 жылы 50 мың адамға ықтияр хат беретінін жариялады. Бұл туралы VOA жаңалықтар қызметінің хабарлады.
Аталған хабарға қарағанда, АҚШ Мемлекеттік департаменті сейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде 2020 жылға 50 мың адамға ықтияр хат беретінін, үміткерлерді жеребе арқылы анықтайтынын хабарлаған.
2020 жылы АҚШ ықтияр хатына үміткерлерді тіркелу онлайн түрде 3 қазаннан 6 қараша аралығына дейін жүргізіледі. Мәлімдемеде, әр ел азаматтарының АҚШ визасын алу мөлшері 7 пайыздан аспайтыны да ескертілген.