Ресей мен Үндістан құны 5 миллиард долларды құрайтын келісімге келді.
Қазан айының 5-і күні Дели қаласында Ресей президенті Владимир Путин мен Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Ресейдің "С-400" зымыран жүйесін Үндістанға сатуға байланысты құжатына қол қойды. Алдына ала болжам бойынша, келісім құны 5 миллиард долларды құраған.
Ресей БАҚ өкілдері жарыса жазып жатқан бұл ақпаратты Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та растады. Ол аталмыш мәселеге байланысты қойылған журналистер сауалына: «Иә, Делиде келісімге қол қойылды» - деп жауап берген.
Естеріңізге салайық, осыдан біраз уақыт бұрын Қытай Ресейден "С-400" зымыран жүйесін сатып алған. Осыдан кейін АҚШ Қытайға санкция салған.
Ресейдің "ВКО Алмаз-Антей" концерны құрастыратын "С-400" зымыран жүйесі 400 шақырым қашықтықтағы аэродинамикалық нысандарды және 60 шақырым қашықтықтағы баллистикалық нысандардың көзін жоюға қауқарлы.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?