Ингушетия парламенті Шешенстанмен шекараны реттеу туралы келісімді бекітті. Алайда бұл шешімге қарсылық білдірген жергілікті тұрғындар ереуілге шықты.
Наразы топ Ингушетия астанасы Магас қаласында жолды жауып, биліктен шекара мәселесіне қатысты шешімді өзгертуін талап етті. Жаппай ереуіл салдарынан көлік қозғалысы қиындап, аймақтарда ғаламтор өшірілген. Екі елдің шешіміне жүздеген халық қана емес, конституциялық сот та қарсылық білдірген. Осы ретте Аюп Гагиев Интерфакске берген сұхбатында: «Ингушетия Конституциясының 111-бабына сәйкес шекараларды белгілеу мен өзгерту және әкімшілік-аумақтық құрылыстың басқа да мәселелері федералдық заңдарға сәйкес және халықтың пікірін ескере отырып шешіледі» – дейді.
Айта кетейік, өткен аптада қос елдің басшылары Рамзан Қадыров пен Юнус-Бек Евкуров екі субъект арасында әкімшілік шекара орнату туралы ортақ шешімге келген болатын. Келісімді ратификациялау үшін 35 депутаттың 17-сі қолдап дауыс берген.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні