Сейсенбі күні Ресейдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтіп, жиналыста сол елдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу S-300 зымыран қорғаныс жүйелерінің Сүрияға өткеріп беретінін мәлімдеген болатын.
Осыған байланысты АҚШ Мемлекеттік департаменті арнайы мәлімдеме жасап, алаңдаушылық танытты. Мемлекеттік департаменттің ресми өкілі Хизер Науерт бір күн бұрын жасаған мәлімдемесінде: «Ресейлік S-300 зымыран қорғаныс құрылғыларының Сүрияда орнатылуы бұл елдегі тұрақсыздықты тіпті де өршіте түседі», – деді.
Шойгудың мәлімдемесінен S-300 зымыран қорғаныс жүйесінен тыс, осыған дейін ресейлік әскери базаларды қорғап келген арнайы қорғаныс құрылғыларының да Сүрия үкіметіне берілгені мәлім болды.
Мәліметтерге қарағанда, Сүрияның арнайы мамандар тобы Мәскеуге барып, S-300 зымыран қорғаныс жүйесін пайдаланудың қысқа мерзімдік үйренуін бастап кеткен. Үш айдан кейін сүриялық әскери мамандар ресейлік зымыран қорғаныс жүйесін пайдалануға толықтай дайын болмақ.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы