Мәскеуде Украина экс-министрі Николай Рудьковский ұсталды.
Мәскеу қалалық жаңалықтар агенттігінің мәліметінше, қазан айының 1-і күні Киевтегі Ресей елшілігіне тас лақтырған Украинаның экс-көлік министрі Николай Рудьковский қамауға алынған. Оған бұған дейін Басман аудандық соты сырттай қамауға алу жөнінде үкім шығарған.
Бұған дейін сәуір айында Рудьковскийді БАӘ құқық қорғау органдары жалған құжат жасады деген айыппен 20 күнге қамауға алған. Кейіннен ол босатылып, елден аластатылған.
Рудковьский 2006-2007 жылдары Украинаның көлік министрі қызметін атқарған. Оның үстінен Ресей тергеу комитеті 2016 жылдың мамыр айында қылмыстық іс қозғаған. Кейіннен Мәскеу қаласының Басман аудандық соты сырттай қамауға алу жөнінде шешім шығарған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?