Brexit мәселесі күнделікті дауға айналып барады. Егер Тереза Мэй үкіметі ЕО-дан шығу туралы келісімде ортақ шешімге келе алмаса, Британия халқы мерзімінен тыс парламенттік сайлау өткізуге дайын.
Sky News тілшілерінің хабарлауынша, Біріккен Корльдіктің лейбористері осындай мәлімдеме жасаған. Ливерпульдегі партияның кезекті съезінде лейбористер жетекшісі Джереми Корбин: «Ұлыбританияның Еуроодақтың құптауынсыз Brexit-ті жүзеге асыруы қиындық туғызады. Бұл дегеніміз мемлекеттің болашағына, экономикалық дамуына нұқсан келтретін бірден-бір факторлар. Егер келісім расымен орындалатын болса, міндетті түрде Британияның Кедендік одақтағы мүшелігі, кадрлық мәселелер мен Ирландиямен арадағы шекараны болдырмауды қарастыруы тиіс. Алдағы уақытта консерваторлар партиясы Брюссельмен нақты бір келісімге келе алмаған жағдайда, біз жалпыұлттық сайлау өткіземіз», – дейді. Сондай-ақ ол ЕО-ның Brexit бойнша мәмілегері Мишель Барньемен кездесіп, осы мәслелерді талқыламақ.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні