АҚШ президенті Дональд Трамп Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Руханимен жақын күндері кездесу ниеті жоқ екенін мәлімдеді. Ол бұл туралы Твиттер әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.
«Өтінішіне қарамастан, Иран президенті Хасан Руханимен кездесетін ойым жоқ. Мүмкін, кейін әйтеуір бір уақытта кездесіп қалармыз. Бірақ, мен оның өте керемет адам екеніне сенімдімін», - деп жазған Трамп.
Бұдан бұрын Руханидің өзі АҚШ басшысымен кездесудің мүмкін еместігін айтқан еді. Сонымен қатар, Рухани Ахваз қаласындағы терактіден кейін Иранға «айнаға қарауға» кеңес берген АҚШ-тың БҰҰ-ғы тұрақты өкілі Никки Хейлидің пікіріне теріс жауап қайтарып, Иранның мұнай сату ісінен айырудың мүмкін еместігін де айтқан болатын.


















ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?