Алматыда ауыр сырқаттан Мұхтар Жәкішевтың анасы Раиса Нұрғалиқызы қайтыс болды.
Мұхтар Жәкішевтың адвокаты Нұрлан Бейсекеевтың сөзінше, Раиса Нұрғалиқызы қыркүйектің 18-і күні таңертең қайтыс болған. Мұхтар Жәкішев отырған түзету мекемесінің қызметкерлеріне қайғылы хабарды жеткізу туралы өтініш жіберілген.
17 қыркүйек күні адвокаттың Жәкішевке ауыр науқастанып жатқан анасына баруына байланысты сұраған өтініші қанағаттандырылмаған. Бірақ қайғылы оқиғадан кейін Бейсекеев колония басшылығына Жәкішевті анасының жерлеу рәсіміне қатысуға рұқсат беруді сұрап қайтадан өтініш білдірмек.
80 жасында өмірден озған Раиса Нұрғалиқызы көзі тірі кезінде президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ұлы Мұхтар Жәкішевтің науқас екендігін айтып, рақымшылық жасап, тірі кезінде бостандыққа шығаруын сұрап екі рет хат жазған. Бірақ өтініш хатына осы уақытқа дейін қаралмаған.
Қазатомпром компаниясының экс-басшысы Мұхтар Жәкішев 2009 жылы сыбайлас жемқорлықпен айналысты деген айыппен ұсталып, кейіннен 14 жылға сотталған. Қазіргі уақытта жазасын Семей қаласындағы қатаң режимдегі колонияда өтеуде.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?