НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг: «Украинаға тек келіссөздер ғана көмектеседі» - деп мәлімдеді.
Axios порталына сұхбат берген Йенс Столтенберг Украина дағдарысына байланысты пікір білдірді. Онда ол: «АҚШ Украинаға қосымша материалдық көмек көрсету жөнінде шешім қабылдады. Бірақ біз Украина мәселесін шешуде бұданда маңызды дүние келіссөздер деп есептейміз. Қазіргі таңда Украинаға тек келіссөздер ғана көмектеседі. НАТО блогы Украинаның территориялық тұтастығы мен саяси ұстанымдарын қолдайды және Ресейдің Қырымды аннексиялауын ешуақытта мойындамайды» - деп мәлімдеді.
Естеріңізге салайық, қыркүйек айының 3-і күні президент Петр Порошенко Украинаның НАТО құрамына кіруіне байланысты дайындалған құжатты Жоғарғы Радаға жіберген. Атап айтқанда Петр Порошенко Украина Конституциясының 85,112 және 116 баптарына өзгертулер мен толықтырулар енгізген. Жаңадан енгін өзгертулер мен толықтырулар бойынша, Украинаның НАТО мен Еуроодаққа бағыт алуына ел президенті,Жоғарғы Рада мүшелері және Министрлер жауапты болады.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды