10 ақпан күні АҚШ президенті Доналд Трамп сапарлай келген Жапонияның премьер-министірі Шиндзо Абемен (Синдзо Абэ) келіссөз өткізді. Келіссөз барысында екі тарап, сауда-экономикалық байланысты кеңейтуден тыс, қорғаныс саласында да ынтымақтастықты дамыту туралы келісім жасасты. Бұл туралы Шинхуа агенттігі хабарлайды.
Естеріңізге сала кетейік, жапон премьер-министрі 9 ақпан күні АҚШ-қа сапарлай барған болатын. Шиндзо Абенің бұл сапарына сараптаушылар АҚШ-Жапонияның сауда-экономикалық селбестігін кеңейтуді көздеп отыр деп болжаған. Алайда, келіссөздегі негізгі тақырыптардың қатарында кеңейтілген әскери істер, қорғаныс саласындағы ынтымақтастық та қамтылып отыр.
Екі елдің басшылары кездесуден кейін бірге жасаған баспасөз мәжілісінде, АҚШ әскери техниканы қамтыған, барлық әскери күшпен Жапонияның ішкі-сыртқы қауіпсіздігін қорғайтын болып келіскен. Және бұл міндеттемесін аса берік келісімшартпен бекіткен.
Экономика мен сауда саласында екі ел басшылары АҚШ-Жапония арасында екіжақты сауда-экономикалық келісімдер мен инвестиция алмасуды дамытатындарын атап өтті. Мәлімдемеде белгілі болғандай, АҚШ-тың Транс-Тынық мұхит еркін сауда шартынан бас тартқанын ескере отырып, қос тарап екі елдің мүдде-талаптарына сай жаңа кеңестер өткізбек. Сауда және экономика мәселелеріндегі екіжақты диалогты жапон премьер-министрінің орынбасары Таро Асо мен АҚШ вице-президенті Бернске тапсырылған.
Трамп осыдан бұрын айтып келе жатқанындай Жапонияның валюта бағамы саясатын сынға алды. Бұл болашақта, АҚШ пен Жапония арасында сауда тапшылығын тудыратын фактор деп көрсетті. бұған қоса, жапон қорғанысына жасалатын әскери көмек, жапон армиясын қуатты әскери күшке айналдыруынан алаңдайтынын да жасырмады.
“The Qazaq Times”


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер