Уашингтонның сыртқы саясаты әлемдік саясат сахнасындағы қағидаларға мүлдем кереғар. Оның осы әрекеті Еуроодақ пен АҚШ арасындағы дағдарысқа да себеп болды. Дүйсенбі, 27 тамызда Франция президенті Эммануэль Макрон осындай мәлімдеме жасады. Бұл туралы франциялық «france24.com/fr» жазады.
«Біріккен Штаттар әлемдік тәртіппен құрылған көп таараптылықтан бас тартты. Алдымен, америкалық саясаттан үлкен дағдарыс туындады. Ол еуропалық дипломатияға кері әсерін тигізді», - деген ол «АҚШ-тың» Дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропа орнатқан әлемдік тәртіпті бұзғанын да» айтқан. Оның сөзінше, Еуроодақ елдері мен Америка арасындағы дағдарыс «америкалық саясаттан, НАТО-ның болашағына деген күдіктен (АҚШ-тың мәлімдемесіне қатысты айтылған — ред.), Қытаймен сауда соғысына жеткізген біржақты әрі агрессияшыл сауда саясаттарынан, АҚШ-тың Париж және «Ортақ қадам жан-жақты келісімшарты» деп аталатын Иранның ядролық келісімшартынан бас тартуынан» туындаған. «Франция Уашингтонның осындай шешіміне қарсы үнемі бірінші болып бас көтереді. Франция үнемі өзге елдермен ара-қатынасты қиындатпау үшін басқа бір шешім қабылдауға тырысып келді. Мен, осындай ұстаным мен қадамды әлі де жалғастыра беремін» , - деген Макрон.