Франция президенті Эммануэль Макрон: «Еуропа қауіпсіздік мәселесінде АҚШ көмегіне сенбеуі тиіс» – деп мәлімдеді.
Париж қаласында шет мемлекеттердің елшілерімен кездескен Эммануэль Макрон қауіпсіздік мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады. Онда ол: «Қазіргі таңда бізге қауіпсіздік мәселесінде жауапкершілікті өз мойынымызға алып, еуропа тәуелсіздігін сақтап қалуымыз қажет. Еуропа АҚШ-тың көмегіне сенбеуі тиіс. Бұл жерде біз барлық еуропалық әріптестерімізбен аталмыш меселе бойынша келіссөздер жүргізуіміз керек. Оның ішінде Ресейде бар» - деген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Макрон "егер ресми Дамаск бейбіт тұрғындарға қарсы химиялық қару қолданатын болса, онда Франция Сүрияға әуе соққысын жасауға дайын және аталмыш аймақтағы саяси дағдарысты шешуге Ресей мен Түркия белсене атсалысуы тиіс" деп мәлімдеген.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап