Ауғанстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ауған үкіметінің Талибан қозғалысының өкілдерімен Мәскеуде өтетін бейбіт келіссөздерге делегация жібермейтінін мәлімдеген. Ауғанстан СІМ өздерінің бұл шешімдерін бейбіт келіссөздің бастамашысы ретінде Кремль емес, Ауған үкіметі шығуы тиіс деп санайтындығымен түсіндірген. Бұл туралы «abhaber.com» хабарлайды.
Бұдан бұрын Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі бейбіт келіссөз өткізу туралы ұсыныс жасап, Талибан қозғалысының өкілдерін де шақырған еді. Еске салайық, 20 тамыз күні Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Талибан қозғалысымен арадағы қақтығысты тоқтату туралы хабарлаған. Бұндай ұсыныс Газни қаласындағы қанды қақтығыстан кейін көтерілген болатын. Ауғанстанның үкіметтік күштері елдің шығысындағы қаланың ауқымды бөлігін өз бақылауына алғанын хабарлаған еді. Дегенмен, қашаннан-ақ, тәлібтермен мәмілеге келуге мүдделілік танытып келе жатқан биліктің, аталған келіссөздердің Кремльде өтетініне бола, мұндай мүмкіндіктен бас тартып отырғаны таңқалдырады.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы