Түркияның Қорғаныс министрі америкалық әскерилермен ортақ әрекетке дайындалып жатқандықтарын мәлімдеді. Бұл туралы «ahaber.com.tr» министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сүрияның Манджиб қаласын бірігіп патрульдеу жұмыстары үшін жақын күндері Түркия мен АҚШ жаттығулар бастамақшы. Осы туралы мәліметті растағанмен Түркияның Қорғаныс министрі Хулуси Акар нақты уақытын атамаған. Аталған ақпарат көзінің хабарлауынша, патрульдеу жаттығу жұмыстары аяқталғаннан кейін, 3-4 аптадан соң басталады. Сонымен, жаттығудың басты мақсаты — екі елдің әскери арақатынасын жақсарту. Одан бөлек, әскерилерге бірігіп әрекет етудің шарттары да үйретілмек. Еске салайық, бұдан бұрын ақпарат құралдары АҚШ-тың Сүриядағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған қаржылық бағдарламаны жоятыны туралы хабарлаған еді.


















Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?