Кеше ғана Индонезия елінің астанасы Джакартада ХVIII жазғы Азия ойындарының алауы жағылды. Бүгін бірнеше спорт түрлері бойынша жүлделер сарапқа салынып алғашқы жүлдегерлеріміз де белгілі болды.
Азия ойындарына Қазақстан құрамасы сапынан 440 спортшы аттанды. Бұл додаға өзге елдің атынан қатысып жатқан қазақ қандастарымыз да жоқ емес.
Атап айтар болсақ, балуандар арасынан Қытайдан келген қазақ балуаны Ерланбек Кәтейұлы. Ол еркін күрестен 4 жыл бұрын Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен Азия ойындарында қола медаль иеленген болатын.
Уәлихан Серікұлы. Грек-рим күресінен 59 кг-ға дейінгі салмақта белдеседі. Қытайда ішкі біріншілікте екі рет қола жүлдеге қол жеткізген.
Тоқтарбек Таңатханұлы. Азия ойындарына Қытай елінің атынан келген. Ол өз салмағында қытайдың ең мықты боксшысы саналады.
Елмұрат Тасмұратов. Қазақ спорт сүйер қауымына жақсы таныс Өзбекстан құрамасындағы этникалық қазақ балуаны. Ол Грек-рим күресінен Азияның 4 дүркін жеңімпазы.
Бұлбұл Мұрат. Моңғолия қыздар баскетбол құрамасында өнер көрсетеді. Гонконгқа қарсы алғашқы ойында бір өзі командасына 37 ұпай алып берген.
Естеріңізге сала кетейік, XVIII жазғы Азия ойындары 2 қыркүйекке дейін жалғасады.


















Отанға оралған қандас бейімделуі немесе Қандастар мен Қазақстандағы мигранттарды ақпараттық қолдау және әлеуметтік бейімдеудің медиа-стратегиясы
Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
МЕШІН ЖЫЛДЫҢ ҚАРА ӨЛЕҢІ
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті