Түркияның Қаржы министрі Берат Албайрак Түркияның Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) тарапынан көрсетілген көмектен бас тартатынын мәлімдеген. Бұл туралы «Al Jazeera» агенттігі министрдің сөзіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Біз тікелей инвестиция күтеміз. Бізге ХВҚ-ның көмегі керек емес», - деген Албайрак. Сайтымызда осыдан бұрын да Катардың түрік инвестициясына 15 млрд. доллар көлемінде қаржы құятынын хабарлаған едік. Министр, дереу осы оқиғадан кейін көмек қолын созған ХВҚ-ның ұсынысын кері қайтарған.
Бәрімізге белгілі, АҚШ түрік министрлеріне санкция салғаннан кейін түрік лирасы 40%-ға дейін құнсызданып, бір долларға 7,24 лираға дейін төмендеген еді. Алайда, Ақ үй басшылығы егер Түркия америкалық пастор Эндрю Брансонды босатпаған жағдайда, оған тағы да жаңа санкциялар салуға дайын екенін мәлімдеген еді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы