АҚШ-тың Қаржы министрі Стивен Мнучен егер Түркия америкалық пастор Эндрю Брансонды бостандыққа шығармаса, Штаттардың қосымша санкциялар салатынын мәлімдеді. Бұл туралы lemonde.fr хабарлайды.
1 тамыз күні АҚШ Қаржы министрлігі Түркияның Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу мен Әділет министрі Әбдүлхамид Гүлге қарсы санкциялар енгізген еді. Америка билігі олардың пастор Эндрю Брансонның тұтқындалуына тікелей қатысы бар деп есептейді. Бұл санкциялар түрік валютасының 2001 жылдан бергі рекордты көрсеткішке жеткізді. Ол жыл басынан бері 40 пайызға арзандаған. Алайда, АҚШ мұнымен де тоқтап қалмады. Кейін, президент Дональд Трамп түрік болаты мен алюминийіне салынатын салықтарды екі есеге ұлғайтты. Бұл түрік лирасының құнсыздануын жеделдетіп жіберді. Ал, президент Ердоған өз кезегінде Түркияның жаңа одақтастар іздейтінін ескертті. Ол сондай-ақ, түрік халқын доллардан құтылуға шақырып, АҚШ-тан шығарылатын электроника өнімдеріне байкот жариялады.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті