Бүгін Астанада тамыз конференциясының пленарлық мәжілісі өтті. Соңғы уақытты мұғалімдер қағазбасты жұмыстан босамайды. Оларды көптеген құжаттарды толтыруға міндеттейді деген мәселелер жиі қозғалып жүр.Осыған байланысты білім және ғылым министрлігі биыл арнайы бұйрық шығарды.
Аталған бұйрықта мектеп мұғалімі толтыратын құжаттардың нақты тізімі көрсетілген. Енді мұғалімдер бес құжат қана толтырады, ол - журнал, күнделік, балаларды сумативті-формативті бағалау, күнтізбелік және пәндік жоспар. Мұғалім тек осы құжаттарды ғана толтыруға міндетті. Басқасына уақыт кетіруге міндетті емес делінген.
Министрліктің айтуы бойынша, мұғалімдердің жүктемесін одан артық көтеруге болмайды. Бұдан былай мектеп басшылығы артық жұмыс берсе, арыз түсіруге болады. Білімді бақылау департаментіне xабарласуға болады. Ондай департаменттер барлық облыстарда бар. Арыз түссе, тиісті шаралар қолға алынады.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті