Арменияның бұрынғы президенті Серж Саргсян «1 наурыз ісі» бойынша тергеуге алынбақ. (2008 жылы Ереванда қарсылық шарасы өтіп, онда 10 адам қаза тапқан еді). Бұл туралы «abhaber.com» хабарлайды.
«Мен 2008 жылғы іске қатысы бар адам міндетті түрде жауапқа тартылатынын айтқанмын. Серж Саргсян да бұл жазадан құтылмайды», - деген Арменияның арнайы тергеу қызметінің басшысы Сасун Хачатрян. Дегенмен, Арменияның үшінші президентінің қайда тергелетіні әзірге белгісіз.
Еске салайық, 2008 жылдың 1 наурызында президент сайлауының қорытындысына наразы халық мыңдаған қарсылық акциясын өткізген еді. Онда, 10 адам қаза тауып, 250 адам ауыр жарақат алған болатын. Арменияның арнайы тергеу қызметі осы жылдың 26 шілдесінде осы қарсылық шарасына шығушыларды арандатты деген айыппен Арменияның бұрынғы президенті Роберт Кочарянды екі айға қамауға алған еді. Енді, С.Саргсянға да осындай айып тағылуда.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы