АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинге ескерту жасады.

"Корреспондент" басылымының мәліметінше, тамыз айының 17-і күні АҚШ мемлекеттік хатшысының Таяу Шығыс істері бойынша көмекшісі Дэвид Саттерфилд Дональд Трамп пен Владимир Путиннің кездесуіне қатысты мәлімдеме жасаған. Онда ол: «АҚШ әскерінің Сүрияда қалуына байланысты президент көзқарасы өзгермейді. Біз Сүрияға «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымын толықтай жою үшін бардық.Трамп Путинге берген хатында осы жөнінде ескертті» - деп мәлімдеген.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Сүрия билігі АҚШ пен оның одақтастарына ел аумағынан әскерлерін шығаруды талап еткен. Бірақ ресми Дамасктың бұл мәлімдемесіне Ақ үй әкімшілігі ешқандай реакция танытпаған.

"The Qazaq Times"