Түркия президентінің баспасөз хатшысы Ибрахим Калын мәлімдеме жасап, ел экономикасының оң бағытқа бет алғанын айтты. Бұл туралы сол елдің «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлады.
Калын сөзінде: «Қолға алған шаралар өз нәтижесін бере бастады. Екі күннен бері ел экономикасының оңалу қарқыны күшейді», – деді. Ол және осыған дейін президенттің үндеуіне қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс білдірді.
Ердоғанның баспасөз хатшысы бұл мәліметтерге қоса, Катармен 15 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция салу шешімін жасасқандарын, Франция, Германия президенттерімен де бұл мәселелер төңірегінде кеңес өткізіп жатқанын жеткізді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы