Катар Түркия экономикасына 15 миллиард доллар қаржы құймақ.
Түркия президент әкімшілігі баспасөз қызметінің мәліметінше, тамыз айының 15-і күні Анкара қаласында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Катар шейхі Тамим әль Тани кездескен. Кездесу барысында Катар тарапы АҚШ санкцияларынан әлсіреген Түркия экономикасына 15 миллиард доллар қаржы құюға дайын екендігін жеткізген.
Естеріңізге салайық, 2017 жылдың маусым айындағы Катар мен Сауд Арабиясы арасындағы дауда Түркия билігі ресми Доханы қолдаған. Катардан Мысыр, Сауд Арабия, Кувейт сияқты мемлекеттер сырт айналып, барлық дипломатиялық қарым-қатынастарын үзген сәтте Түркия Катарға гуманитарлық көмек жіберіп, аймақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін елге әскер кіргізген.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап