Ағымдағы жылғы шілденің 28-і мен тамыздың 3-і аралығында Армения Республикасында өткен «Достастық жауынгері» халықаралық байқауында бірінші орын алған қазақстандық команда елге оралды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.
Елордадағы «Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайындағы күтіп алу шарасына ҚР Қарулы Күштерінің басшылығы, әскери қызметшілердің қаруластары мен жақын туыстары қатысты. Кездесуде ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов халықаралық аренада қазақстандық армияның намысын қорғаған әскери қызметшілерді мақтан тұтатынын айтты. Қазақстандық армияның құрама командасы «Достастық жауынгері» байқауы бес кезеңінің қорытындысы бойынша абсолюттік жеңімпаз атанғанын естеріңізге сала кетейік.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы