Өзбекстан мен Тәжікстан сыртқы арандатушы күштерге бірігіп қарсы тұрмақ.
Podrobno.uz ақпарат көзінің мәліметінше, 17-18 тамыз күндері аралығында өтетін Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның Өзбекстанға сапары кезінде қос тарап 23 құжатқа қол қоймақ. Олардың ішінде стратегиялық әріптестік, мемлекеттік шекараны шегендеу және сыртқы арандатушы күштерге бірлесіп қарсы тұру жөніндегі құжаттар бар.
Естеріңізге салайық, бұған дейін наурыз айында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Тәжікстанға ресми іссапармен барған. Ол іссапар барысында өзінің тәжікстандық әріптесі Эмомали Рахмонды Ташкентке шақырған.