Сүриялық күрдтер өздерінің тұтқынындағы ДАИШ террористерін Әс-Сувейд қаласында осы аталған террорлық ұйым тарапынан кепілге алынған адамдарына алмастыруға дайын екендіктерін мәлімдеген. Қазіргі таңда, олардың қолында 30-ы әйел мен балалардан құралған барлығы 50 кепілгер бар. Бұл туралы негізінен күрд әскерилерінен тұратын «Сүрия демократиялық күштерінің» «Firat» агенттігі тарапынан жасалған мәлімдемесінде айтылған.
Аталған мәлімдемеде, СДК-нің тұтқындарды алмастыру бастамасының астарында ДАИШ тарапынан кепілге алынғандардың өмірін құтқару жатқаны да айтылған. Бұдан бұрын, террористер 25 шілде күні Әс-Сувейд қаласында кепілге алынған тұтқындардың біріне зәбір көрсеткен еді. Олар 17-сі ер адамнан тұратын кепілгерлердің арасынан 19 жастағы студентті өлтірген. Қазір, террористердің қолында 30 әйел мен балалар бар.
Еске салайық, 25-шілде күні террористер Шамнан (Дамаск) 92 шақырым қашықтықта орналасқан Әс-Сувейт қаласындағы әкімшілік ғимаратында қатарынан бірнеше теракт ұйымдастырған еді. Осы теракт салдарынан 246 адам құрбан болған. ДАИШ содырлары сонымен қатар, бірнеше елдімекенді жаулап алып, бейбіт тұрғындарды кепілге алған еді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы