Бүгін Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда Қазақстан премьер-лигасының 21-туры аясында «Ақтөбе» - «Астана» кездесуі өтеді. Бұл ойын – елордалық команда үшін ел чемпионатының алғашқы айналымындағы соңғы матч.
Айта кетерлігі, бұл ойын – елордалық команда үшін ел чемпионатының алғашқы айналымындағы соңғы матч. Себебі 22-турдағы кездесуін астаналықтар көктемде өткізіп тастаған. Қос команда бұған дейін 38 мәрте кездескен. Өзара кездесулер нәтижесі бойынша елордалық клубтың басымдылығы байқалады. 19 мәрте жеңіске жеткен. Ал ақтөбеліктер 9 рет жеңген. Тағы 10 кездесу тең аяқталған. Ойын Астана уақыты бойынша кешкі сағат 21:00-де басталады.
Қазіргі уақытта "Астана" футбол клубы ел біріншілігінде 51 ұпаймен бірінші орында келеді. Оның басты қарсыласы Алматының "Қайрат" ФК 47 ұпаймен екінші орында. Премьер-лигадан бөлек "Астана" жақында чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аясында Данияның "Мидтьюлланд" командасын өз алаңында 2-1 есебімен ұтып, сырт алаңда 0-0 есебімен тең ойнаған. Оның ЧЛ аясындағы келесі қарсыласы Загребтың "Динамо" ФК.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы