Бүгін Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда Қазақстан премьер-лигасының 21-туры аясында «Ақтөбе» - «Астана» кездесуі өтеді. Бұл ойын – елордалық команда үшін ел чемпионатының алғашқы айналымындағы соңғы матч.

Айта кетерлігі, бұл ойын – елордалық команда үшін ел чемпионатының алғашқы айналымындағы соңғы матч. Себебі 22-турдағы кездесуін астаналықтар көктемде өткізіп тастаған. Қос команда бұған дейін 38 мәрте кездескен. Өзара кездесулер нәтижесі бойынша елордалық клубтың басымдылығы байқалады. 19 мәрте жеңіске жеткен.  Ал ақтөбеліктер 9 рет жеңген.  Тағы 10 кездесу тең аяқталған. Ойын Астана уақыты бойынша кешкі сағат 21:00-де басталады.

Қазіргі уақытта "Астана" футбол клубы ел біріншілігінде 51 ұпаймен бірінші орында келеді. Оның басты қарсыласы Алматының "Қайрат" ФК 47 ұпаймен екінші орында. Премьер-лигадан бөлек "Астана" жақында чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аясында Данияның "Мидтьюлланд" командасын өз алаңында 2-1 есебімен ұтып, сырт алаңда 0-0 есебімен тең ойнаған. Оның ЧЛ аясындағы келесі қарсыласы Загребтың "Динамо" ФК.

“The Qazaq Times”