Грузия билігі президент сайлауының уақытын белгіледі – деп хабарлайды «Sputnik Грузия» ақпарат агенттігі.
Грузияның қазіргі президенті Георгий Маргвелашвили алда келе жатқан президент сайлауына байланысты өткен баспасөз мәслихатында: «Грузия халқы жаңа президентін қазан айының 28-і күні сайлайтын болады. Себебі біз премьер-министрмен келісе отырып президент сайлауын осы күнге қойдық. Сайлауға қатысты құжаттар алдағы уақытта үкімет басшысы мен парламентке жолданатын болады» - деп мәлімдеген.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, қазірдің өзінде президент сайлауына қатысуға парламенттің экс-спикері Давид Усупашвили, Грузия либералдар партиясының көшбасшысы Шалва Нателашвили, «Гирчи» партиясының өкілі Зураб Джапаридзе, «Грузия маршы» қозғалысының мүшесі Сандро Брегадзе, экс-сыртқы істер министрі Григол Вашадзе және оппозициялық «Еуропалық Грузия – бостандық үшін күрес қозғалысы» партиясының өкілі Давид Дакрадзе ниет білдірген.
Айта кететін бір жайт, Грузиядағы бұл жолғы президент сайлауы бұрынғылардан өзгерек болайын деп тұр. Себебі жаңа заң бойынша, Грузия халқы бұдан былай президент сайлауына қатыспайды. Осы сайлаудан кейінгі президент сайлауларының барлығында мемлекет басшысын парламент сайлайтын болады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?