«ДАИШ» террорлық ұйымы Тәжікстандағы шетелдік туристердің өлтірілгеніне қатысты террорлық істі өз мойындарына алды. Бұл туралы SITE ұйымы экстемистердің ақпараттық ресурстарына сілтеме жасап хабарлайды.
Тәжікстан ІІМ-нің мәліметінше, жексенбі күні шамамен сағат 15:30-да Хатлон облысына қарасты Дангар ауданында төрт адамы бар жеңіл көлік велосипедпен кетіп бара жатқан жеті адамнан құралған туристер тобына әдейі соқтығысқан. Үш турист оқиға орнында қаза тауып, ал ауыр жарақат алған біреуі ауруханада көз жұмған. Қалғандары жеңіл жарақат алған. Қаза тапқандардың арасында АҚШ-тың екі азаматы, Швейцарияның және Нидерландтың азаматтары бар.
Тәжікстанның құқық қорғау ұйымдары елдің оңтүстігіндегі Хатлон облысындағы шетелдік туристерге шабуыл жасаған тағы үш күдіктінің тұтқындалғаны туралы хабарлады. «Іздеуде жүрген үш қылмыскер Дангарин ауданының Осмондар ауылында ұсталды», - делінген Тәжікстан ІІМ-нің жедел хабарламасында.