Еуропалық Комиссия Испанияның төтенше көмек көрсету өтінішін қарастыруда. Испания мұндай қадамға елдің оңтүстік жағалауына келуші босқындар санының артуына байланысты барған. Бұл туралы испаниялық «El Mundo» ақпарат құралы ЕО мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Испания қосымша төтенше көмек сұрады», - деген Еурокомиссияның баспасөз хатшысы Наташа Берто, Кеңестің маусым айындағы саммитінде ЕО лидерлерінің Испанияға бұрынғыдан да көбірек қаржылай көмек көрсетуде уәде бергенін де айтты. Аталған басылым Испания вице-президентінің мәлімдемесіне сілтеме жасап, Мадрид үкіметінің 35 млн.еуро көлемінде қаржылай көмек сұрағаны туралы да жазды.
Айта кету керек, Испания билігі соңғы екі күннің ішінде 1 200-ден астам босқынды қабылдаған. Олар теңіз арқылы Африкадан Еуропа жағалауларына жетуге тырысқан. Босқындар жөніндегі халықаралық ұйымның мәліметінше, соңғы уақытта Испанияның жағалауларындағы уақытша лагерьлерге 19 580-нан астам босқын орналастырылған.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті