Солтүстік Корея зымыран құрастыруын жалғастыруда – деп хабарлайды The Washongton Post газеті.
Басылым мәліметінше, Солтүстік Корея қарулы күштері ел астанасы Пхеньян қаласы жанындағы зауыттардың бірінде АҚШ аумағына дейін жете алатын зымырандарын құрастыруды жалғастыруда. АҚШ барлау қызметінің спутник арқылы түсірген суреттерінде КХДР-ның бірнеше құрлықаралық зымыран құрастырып жатқандығы анық бейнеленген. Бірақ әзірге АҚШ билік органдары аталмыш мәселеге байланысты ешқандай ресми мәлімдеме жасамаған.
Естеріңізге салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Ун Сингапурде кездескен болатын. Кездесу барысында қос тарап Корей түбегін денуклеаризациялауға уағдаласып, бірнеше құжатқа қол қойған.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап