Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі 28 шілдеде Беларусьтің Бішкектегі уақытша сенімді өкілі Сергей Ивановты шақыртып алды.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, Ивановты елшілікке Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Данияр Үсеновтің Даниил Урицкий бүркеншік атымен Беларусь билігінің ресми өкілдері де келген көпшілік шараларға қатысуына байланысты шақыртқан.

Қырғыз тарапы арнайы өкілге қарсылық нотасын тапсырды. Онда Бішкек "Қырғызстанда өмірлік жазаға кесілген Данияр Үсеновтің Беларусь аймағында жүріп, әрекет етуіне қарсылық білдірген".

Қырғызстан Беларусь басшылығын өз жауапкершілігіне алған халықаралық міндеттерді орындауға тағы да шақырды.

27 шілдеде Tut.by басылымы Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Данияр Үсеновке ұқсайтын кісінің суретін жариялады. Бұл сурет "Белорусская национальная биотехнологическая корпорация" зауытын іске қосу салтанаты кезінде түсірілген. Сайт мәліметі бойынша, бұл компанияның директоры - Даниил Урицкий.

Еске салайық, Қырғызстанның елден қашып кеткен бұрынғы премьер-министрі Данияр Үсеновті сот 2010 жылғы сәуір оқиғаларына байланысты өмірлік түрме жазасына кескен.

“The Qazaq Times”