Гүлнара Кәрімованың швецариялық адвокатының хабарлауынша, Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Кәрімовтың үлкен қызы тірі, бірақ Ташкентте өте нашар жағдайда үй қамауына алынған. Бұл туралы “Фарс” баспасөзі хабарлады.
Тәжік тілінде хабар тарататын радионың хабарлауы бойынша, Гүлнар Кәрімованың швецариялық адвокаты Грегуар Манж өзінің 2016 жылдың желтоқсан айының 9-10 күндері, Ташкент қаласында Ислам Кәрімовтың үлкен қызымен, Өзбекстанның Бас прокуратурасының тергеуі кезінде кездескенін хабарлады.
Тергеу кезінде Гүлнара Кәрімованың жергілікті екі адвокаты да болған.
2016 жылдың қараша айында өзбек баспасөз өкілдері Өзбекстанның Қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап, Гүлнар Кәрімованың өлімі жайлы хабар жариялаған. Қауіпсіздік саласының келесі бір дереккөзі Гүлнар Кәрімованың жерлеу рәсіміне өзінің қатысқаны жайлы уәж айтып, Сentre1 ақпарат агенттігіне Гүлнара Кәрімованың у беру арқылы өлтірілгенін хабарлаған. Алайда, Греуар Манждың айтуынша, ел арасына таралған әр түрлі қауесеттерге қарамастан, Гүлнар Исламқызы Кәрімова – тірі. Бірақ, Ташкенттегі өз үйі маңындағы кішкентай бөлмеде өте нашар жағдайда қамауда отыр.
“The Qazaq Times”















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес