Грекия үкіметі таратқан соңғы мәліметте, Афинаға жақын маңда болған өрт апатынан кемінде 50 адам қаза болғаны айтылды. Ел билігі тілсіз жаудан болған бұндай апатты соңғы он жылдан берігі ең үлкен өрт апаты деп бағалады.
Грекиядағы өрт жағдайы туралы мәлімет берген BBC тілшілері, апат ошағына айналған Мати атты теңіз жағалауындағы елді мекеннен 26 адамның сүйегі табылғанын жазды. Афинадан 40 шақырым қашықтықтағы Матиден жалпы 40 адамның көз жұмғаны расталып отыр.
Үкімет басшысы алдын ала жоспарланған шетелдегі ресми сапарын күшінен қалдырған. Төтенше жағдайлар департаменті мен қарулы күштер де өртті тізгіндеп, Мати тұрғындарын құтқаруға кіріскен. Өрт сөндіруге тікұшақ, әскери және арнаулы қайықтарда жұмылдырылуда.
Өрттен 16 баланы қамтыған 104 кісі жарақат алған. Арасында 11 адамның жарақаты ауыр. Денсаулық сақтау тарабы жаралылар арасынан өлім-жітім саны көбеюі мүмкін екенін жасырмайды.
Алдағы уақытта Грекия жерінде ауа температурасы жалғасы жоғарылайтыны болжануда. Өртті тез арада тізгіндеу үшін Франция, Полша және Италия елдері де көмек қолын созуда.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды