Кеше Алматы қаласында, ақын Айнұр Төлеудің «Отқарақ» атты кітабының презентациясы өтті. Үш бөлімнен тұратын кітаптың тұсаукесері "Алматының алтын тәжісі" аталып кеткен "Қазақстан" қонақ үйінің «Алтын емел» залында кесілді.
Шараны ақын, публицист Жанарбек Әшімжан жүргізіп, мемлекет және қоғам қайраткері, Орталық Азиядағы халықаралық есірткімен күрес орталығы директорының орынбасары, генерал-майор Әділ Шаяхметов пен «Еңбек ардагері» Айнұр Төлеудің ұстазы Орынша Қарабалина кітаптың тұсауын кесті. Презентация кезінде белгілі сазгер Айгүл Бажанова автордың сөзіне жазылған «Бір тамшы» деп аталатын әнінің де тұсауын кесті. Сонымен бірге, Жігер Сатхановтың "Сүйемін сені, Астана" атты әні де тыңдарман назарына ұсынылды.
"Отқарақтың" авторы, ақын Айнұр Төлеу бұдан өзге, әнші Рауза Аманның ән қоржынындағы Ербол Спаналивтің «Анама», Қанат Әділханның орындауымен тыңдарманға жеткен «Ұнатқаным сен» қатарлы әндердің сөзін жазған. Тұсаукесерде аталған өнерпаздар да әнмен шашу шашты.
Шара соңында автор оқырмандарымен естелік суретке түсіп, қолтаңба ұсынды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді