Ауғанстандағы әскери операциялар жалғастырылатын болады. «Талибан» радикалды қозғалысымен жасалған уақытша бітімнің аяқталғаны туралы осы шешімді ел президенті Ашраф Гани ресми түрде мәлімдеген. Бұл туралы жергілікті «Tolo News» телеарнасы хабарлайды.
Ауғанстан президенті биліктің «бейбітшілік үшін бәріне дайын екенін» айтып, уақытша бітімнен белгілі болғандай, халықтың қақтығыс жағдайынан әбден шаршағанын жеткізді. Бұдан бұрын, Рамазан айының құрметіне Гани біржақты уақытша бітім жариялаған еді. Алайда, тәлібтер жағы бұған келіскенмен, егер қандай да бір сыртқы шабуыл жасала қалса, «өздерінің қарап қалмайтындықтарын» ескерткен еді. Көп ұзамай-ақ, ДАИШ өкілдерімен Түркіменстанмен шекарада қақтығыс орын алып, ауғанстандық көптеген полицейлер көз жұмған болатын. Енді, президент Ашраф Ганидың мәлімдеуінше, осындай қақтығыстардан мезі болған халық үшін, билік уақытша бітімді тоқтатқанмен, жақын күндерде осы қақтығыстарға түбегейлі нүкте қойылғанын қалайды.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы