АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путин шілде айында кездесуі мүмкін – деп хабарлайды "The Times" газеті.
Басылым мәліметінше, Ақ үй әкімшілігі екі ел басшыларының кездесуін Дональд Трамптың Ұлыбританияға сапары қарсаңында немесе НАТО саммитінен кейін өткізуде жоспарлауда. Алдын ала болжамдар бойынша, Дональд Трамп пен Владимир Путин Австрия астанасы Вена қаласында кездеседі деп күтілуде.
Естеріңізге салайық, шілде айының 11-і күні АҚШ президентінің қатысуымен Брюссельде НАТО саммиті өтеді. Ал 13 шілде күні Трамп Ұлыбритнаияға ресми іссапармен барады.