Македония астанасы Скопьеде жаппай қарсылық шаралары орын алды. Қарсылық шарасына шығушылардың басты наразылықтары — ел атауының жаңаша, яғни «Солтүстік Македония» деп аталуы.
Қарсылық науқаны кезінде тәртіп сақшыларымен арада қақтығыс орын алып, салдарынан 10 адамға жәдел жәрдем көмегі көрсетілген. Ал, 11 адам құқық қорғаушылар тарапынан қамауға алынды. Қарсылық кезінде олар парламент ғимаратының қоршауын бұзып, тәртіп сақшыларына тас және петердалар жаудырған. Полицейлер де өз кезегінде оларға қарсы көз жасаурататын газ бен гранаталар қолданған.
Естеріңізге сала кетсек, 17 маусым күні Грекия мен Македония Бұрынғы Югославия республикасын "Солтүстік Македония" деп өзгерту туралы келісіме қол қойған еді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы