Ауғанстанның шығысындағы Нангархар қаласының әкімшілік орталығы болып саналатын Жалалабадта екі бірдей жарылыс орын алып, салдарынан 44 адам көз жұмған.
Жарылыстың біріншісі орын алған бойда 36 бейбіт тұрғын қаза тапқан. Ал, екінші жарылыс кезінде «Талибан» тобының 18 мүшесі көз жұмған. Әзірге ешқандай тарап шабуылды өз мойнына алмаған. Алайда, ауғанстандық көптеген сарапшылар бұл істің артында ДАИШ тобының тұрғанын алға тартады. Осыған дейін Ауғанстан президенті Ашраф Гани уақытша бітім туралы біржақты шешім қабылдаған болатын. Ал, ол кеше, 17 маусымда осы уақытша бітімді тағы он күнге ұзартуға үкім шығарды. Алайда, ауған тәліптері бітім мерзімінің бұлайша ұзартылуына қарсылық білдіруде. Олар: «атысты тоқтату режимін бүгін кешке аяқтаймыз. Біз өзіміздің операцияларымызды қайта жаңартамыз. Уақытша бітім туралы келісімшартты ұзартатын ойымыз жоқ» , - деген тәліптердің басшысы.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы