Елден қашқан Ауғанстан президенті Біріккен Араб Әмілігін паналаған. Бұл туралы БАӘ Сыртқы істер министрлігі ресми мәлімдеме арқылы растады. Мәлімдемеде оның отбасымен бірге екені айтылған.
«Талибан» күштері Ауғанстанға қарсылықсыз басып кіргенде, Ашраф Ғанидың президент сарайын тастап елден шығып кеткені туралы мәлімет тарады. БАӘ ресми мәлімдемесіне дейін, ауған президенті Оманда Тәжікстанда немесе Өзбекстанда деген түрлі болжамдар мен алып-қашпа мәліметтер тараған. Тіпіт, аталған елдердің ресмилері Ашраф Ғанидың өз елдерінде жоқ екенін мәлімдеуне тура келген.
Елден кеткеннен кейінгі алғашқы мәлімдемесінде ол өзінің Ауғанстанда қалуы тіпті де көп адам өліміне алпы келетінін айтқан. «Егер мен қалсам, Кабулдың көшелері қанға толып, екінші Сүрияға айналатын еді», – деді Ғани «Фейсбук» арқылы жасаған видео жолдауында.
Ол сондай-ақ Талибанмен инклюзивті үкімет құру туралы келіссөз жүргзем деп үміттенгенін, бірақ тәліптер олай жасамайтынын жариялай отырып Кабулға кіргенін айтқан.
Ашраф Ғани мәлімдемесінде «Ауғанстанның президенті көп ақшамен қашып кетті» деген мәліметтерді жоққа шығарды. Әрі кеден қызметтері бұны терістей алатынын алға тартты.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер