Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин үлкен спортқа қайтып оралды. Зілтемірші журналистермен жиын өткізіп, алдағы жоспарларымен де бөлісті. Айтуынша, ол 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға ниетті. Алайда әуелі Қазақстан чемпионатында бақ сынап, жолдама ұтып алуға тырыспақ.
Әзірге Илья Ильиннің қандай салмақ дәрежесінде өнер көрсететіні белгісіз. Әлем чемпионы жаттығу кезінде жұлқа көтеруден 172 келі, ал серпе көтеруде 212 келіні бағындырып жүр екен. Спортшының бапкерлері бұл жақсы көрсеткіш деп отыр.
Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты алдағы күзде өтеді. Кейін, үміткерлер Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін сынға түседі.
Илья Ильин допинг дауынан кейін қос бірдей чемпиондық атағынан айырылған еді. Комиссия сынама нәтижесінен тексере келе, қазақстандық зілтеміршіден 2008 жылы Бейжіңде және 2012 жылы Лондонда жеңіп алған алтын жүлделерін тартып алды.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті